Бұқар жырау ауданында жас жыршылардың үздіктері анықталды

    Бұқар жырау ауданында жас жыршылардың үздіктері анықталды

    Бұқар жырау ауданындағы Көкпекті ауылында «Бұқарекең жырлайды» атты XIX аудандық байқау өтіп, оған қазақ поэзиясы мен ұлттық мұраны қадір тұтатын 50-ден астам жас өнерпаз қатысты. Ауылдың Мәдениет үйінде ұлы Бұқар жыраудың жыр-толғаулары қайта жаңғырды.

    Бұқар жырау ауданында жас жыршылардың үздіктері анықталды

    Шығармашылық байқау биыл 19-рет ұйымдастырылып отыр. Мектеп оқушыларының бірқатары үлкен сахнаға алғаш рет шықса, енді бірі өз бағын қайта сынап, тәжірибе жинақтап, орындаушылық шеберлігін шыңдауға мүмкіндік алды.

    Бұқар жырау ауданында жас жыршылардың үздіктері анықталды

    Бұқар жырау ауданының әкімі Ерлан Құсайын өнердің мәні сөз бен әуеннің әсемдігімен ғана шектелмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, өнер тарихи жадыны сақтауға, халықтың өмірлік тәжірибесі мен құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.

    — Өнер — адамды тәрбиелеп, оның дүниетанымын қалыптастыратын құндылықтардың бірі. Әндер, жырлар мен ұрпақтан-ұрпаққа жеткен тағылымды сөздердің орны ерекше. Оларда халықтың тарихы, дүниетанымы, салт-дәстүрі мен өмірлік құндылықтары көрініс тапқан. Бүгінде біз неге Бұқар жыраудың мұрасына қайта-қайта жүгініп, оның толғауларын жас ұрпаққа таныстырамыз? Себебі оның өсиеттері мен тағылымды ойлары бүгін де өзекті, — деді аудан әкімі.

    Бұқар жырау ауданында жас жыршылардың үздіктері анықталды

    Жас орындаушылардың өнерін білікті қазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасына белгілі жыршы-жырау, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің кавалері Алмас Алматов төрағалық етті.

    Бұқар жырау ауданында жас жыршылардың үздіктері анықталды

    Байқау барысында шығармашылық тосынсыйлар да болды. Өнерпаздар өнер көрсетіп жатқан кезде «Руханият» шығармашылық орталығының жетінші сынып оқушысы Көркем Сейтмұрат Бұқар жыраудың портретін салып, өз туындысын Алмас Алматовқа сыйға тартты.

    Бұқар жырау ауданында жас жыршылардың үздіктері анықталды

    Көрермендердің ерекше ықыласына байқаудың ең жас қатысушысы — Мәриям Әлиханқызы бөленді. Жас өнерпаз Бұқар жыраудың шығармасын орындап, арнайы ақшалай сыйлыққа ие болды.

    Бұқар жырау ауданында жас жыршылардың үздіктері анықталды

    Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар төрт номинацияда анықталды. «Бұқар жырау оқулары» номинациясында Арман Айтбек үздік атанды. «Жыршы-жырау» номинациясында Күнсұлу Игілік бірінші орынға ие болды. «Бұқар жырауша» атты жыр мүшәйрасында Аружан Берікбаева жеңімпаз атанды. Ал түрлі этнос өкілдері қатысқан «Әлемді түгел білсе де» номинациясында Амина Баганова топ жарды.

    Бұқар жырау ауданында жас жыршылардың үздіктері анықталды

    Гран-при және жүлделі орын иегерлері облыстық байқау кезеңінде Бұқар жырау ауданының намысын қорғайды.

    Бұқар жырау ауданында жас жыршылардың үздіктері анықталды

    Бұқар жырау ауданында жас жыршылардың үздіктері анықталды

    Бұқар жырау ауданы әкімдігінің мәліметінше

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының әкімдігі" жаңалықтары