ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 35 ЖЕТІСТІК: АҚЖАЙЫҚ

    «Ауыл аманаты» бизнеске серпін берді
    2023 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауданымызда да нақты нәтижесін беруде.
    2 023–2026 жылдары Ақжайық ауданында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 213 несие беріліп, шамамен 1 млрд 694 млн теңге қаржы бағытталды. Бағдарламаның алғашқы кезеңіндегі жиынтық есеп бойынша 185 жаңа жұмыс орны ашылып, қатысушылардан аудан бюджетіне 20,5 млн теңге көлемінде салық түскен.
    Бағдарлама қолға алынған 2023 жылы аудан бойынша 1 16 жобаға 817,3 млн теңге несие берілді. Ал 2024 жылы тағы 23 жоба 197,5 млн теңгемен қаржыландырылды. 2 023–2024 жылдары бағдарлама аясында 159 жаңа жұмыс орны құрылды . Алғашқы екі жылда қаржыландырылған жобалардың басым бөлігі ауыл шаруашылығына бағытталды. Атап айтқанда, мал шаруашылығын дамытуға 703,4 млн теңгенің 99 несиесі берілді. Өсімдік шаруашылығына 154,2 млн теңгеге 20 несие, құс шаруашылығына 3,4 млн теңгеге бір несие бағытталды. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға екі жоба бойынша 14 млн теңге бөлінсе, кәсіпкерліктің өзге бағыттарына 139,7 млн теңгенің 17 несиесі берілді.
    2025 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 24 тұрғын 271,9 млн теңге несие алды. Бұл кезеңде ауыл шаруашылығымен қатар, шағын өндіріс пен қызмет көрсету бағытындағы жобаларға да қолдау көрсетілді. Мал шаруашылығын дамытуға 78,1 млн теңгенің 10 несиесі, өсімдік шаруашылығына 23,4 млн теңгенің үш несиесі берілді. Ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға төрт жоба бойынша 110 млн теңге бағытталды. Сондай-ақ жүк тасымалына «Газель» автокөлігін сатып алуға 9,2 млн теңгенің бір несиесі рәсімделді.
    Кәсіпкерліктің жаңа бағыттарына қызығушылық танытқан тұрғындар да мемлекеттік қолдауға ие болды. Биогумус өндіру және ара шаруашылығын дамытуға 8,5 млн теңге, наубайхана жабдықтарын сатып алуға 8 млн теңге, пейнтбол клубын жабдықтауға 9,8 млн теңге бөлінді. Балабақша жиһаздарын алуға 7 млн теңге, бетон құбыр жасайтын құрылғы сатып алуға 9,5 млн теңге, жартылай дайын тағамдар мен кулинариялық өнімдер өндірісіне 8,3 млн теңге несие берілді.
    2026 жылы да бағдарлама аясындағы қаржыландыру жұмыстары жалғасты. Жыл басынан бері жалпы сомасы 407 млн 368 мың теңгені құрайтын 50 несие берілді. Биыл берілген несиелердің 28-і мал шаруашылығын, 13-і өсімдік шаруашылығын, екеуі құс шаруашылығын дамытуға бағытталды. Сонымен қатар үш кондитерлік цех ашу қаржыландырылды. Автокөлік жөндеу қызметін ұйымдастыру, баннер мен сыртқы жарнама жасауға арналған құрылғы сатып алу, банкет залын жабдықтау, пилорама мен трактор алу бағытындағы бастамалар да қолдау тапты.
    «Ауыл аманаты» бағдарламасының нәтижесі – жаңа кәсіптердің ашылуы, тұрғындардың еңбекке араласуы, өндірілетін тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрлерінің көбеюі. Жеке кәсібін бастаған азаматтар өз отбасыларының табысын арттырумен қатар, ауыл экономикасының дамуына да үлес қосып келеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақжайық ауданының әкімдігі" жаңалықтары