Астана мәслихаты депутаттарын сайлау күні алғашқы сайлаушылар дауыс берді

    1 / 11

    Елорда тұрғындары қалалық мәслихат депутаттарын сайлау күні дауыс бере бастады. Бұл туралы Астана әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

    Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушылардың құжаттарын тексеріп, оларға бюллетеньдер беруде. Азаматтар бюллетеньдерді дауыс беруге арналған кабиналарда толтырады.

    Астанада 446 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Барлық учаскеде сайлаушыларға, оның ішінде ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға да қолайлы жағдай жасалған. Денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар өздерінің тұрғылықты жері бойынша дауыс бере алады.

    Өз мекенжайыңыздың қай сайлау учаскесіне тиесілі екенін sailau.astana.kz сайтынан, «Сайлау Астана» Telegram-боты арқылы немесе iKomek бірыңғай байланыс орталығының 109 нөміріне хабарласып білуге болады.

    Бүгін, 29 қараша күні сағат 23:00-ге дейін елорда тұрғындары мен қонақтары Tarlan Astana жеңіл рельсті көлігімен (LRT), сондай-ақ қалалық, экспресс және қала маңы автобустарымен тегін қатынай алады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының әкімдігі" жаңалықтары