Шығыс Қазақстандағы сүт фермасына 221 бас асыл тұқымды қашар жеткізілді

    1 / 2

    Ауыл шаруашылығы министрлігі отандық мал шаруашылығын дамытуға және сүт өндірісін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруда. Мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кешенді жоспар аясында Шығыс Қазақстан облысындағы «Мойылды Байконур» ЖШС-нің тауарлы-сүт фермасына Ресей Федерациясынан голштин-фриз тұқымды 221 бас қашар жеткізілді. Бұл – асыл тұқымды малдың екінші партиясы.

    Мал 1 075 бас сауын малға арналған ферманың өндірістік қуатын қамтамасыз ету мақсатында сатып алынған.

    Бұған дейін, 30 қыркүйекте, шаруашылыққа 224 бас малдан тұратын алғашқы партия жеткізілген болатын. Осылайша, бүгінде фермадағы асыл тұқымды мал саны 445 басқа жетті.

    Мемлекеттік қолдау бағдарламалары ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге шаруашылықтарын кеңейтуге, асыл тұқымды мал сатып алуға және өндірістік қуаттарын арттыруға қолжетімді қаржы тартуға мүмкіндік береді. Мұндай жобалар отандық сүт өндірісін ұлғайтуға, өңдеу кәсіпорындарының шикізат базасын нығайтуға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлес қосады.

    Жоғары өнімді асыл тұқымды малмен толықтыру ферманың жобалық қуатына кезең-кезеңімен шығуына, өндіріс көлемін арттыруға және сүт сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

    Ауыл шаруашылығы министрлігі мал басын көбейтуге, өндіріс тиімділігін арттыруға және отандық сүт өңдеу саласын дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларды қолдау, сондай-ақ жеңілдетілген қаржыландырудың қолжетімділігін кеңейту жұмыстарын жалғастыруда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі" жаңалықтары