Жиделіарықта Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай мәдениет қызметкерлері арасында «Еркін елдің өнері – мәңгілік мұра» атты патриоттық ән орындаушыларының облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – ұлттық рухты көтеру, отансүйгіштік сезімді нығайту, патриоттық ән өнерін дәріптеу және ел тәуелсіздігінің құндылықтарын өнер арқылы насихаттау.
Шара барысында қатысушылар патриоттық әндерді орындап, шығармашылық шеберліктерін ортаға салды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









