ТҰРАН АУДАНЫНДА АДАМ САУДАСЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

    1 / 4

    Тұран ауданы әкімі аппараты мен «Сана сезім» әйелдер бастамалары құқықтық орталығының мамандары халық көп шоғырланатын «Әл-Фараби» сауда орталығында адам саудасының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Іс-шара барысында тұрғындарға адам саудасының алдын алу, оның негізгі белгілері мен құқықтық салдары, сондай-ақ зардап шеккен жағдайда көмек алу жолдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, тақырыпқа қатысты ақпараттық парақшалар мен брошюралар таратылды.

    Мұндай іс-шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, адам саудасының алдын алуға және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының "Тұран" ауданы әкімінің аппараты" КММ" жаңалықтары