1 / 4
Тұран ауданы әкімдігі аппаратының ұйымдастыруымен, дін мәселелері жөніндегі мамандардың қатысуымен №66 мектепте оқушылар арасында кездесу ұйымдастырылды.
Жиын барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, діни экстремизм мен жат ағымдардың ықпалына түсуден сақтану, сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында мамандар оқушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, өзекті сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар жастарды заң талаптарын сақтауға, дұрыс өмірлік бағыт таңдауға және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге шақырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







