Бүгін аудан әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, 15-ке жуық азаматтың өтініш-тілегі мен ұсыныстарын тыңдады.
Қабылдауға тиісті сала бойынша бөлім басшылары қатысып, тұрғындар көтерген мәселелерді шешу жолдары бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, қабылдау барысында үй құжаттарының заңдылығы, жәрмеңке орындарын бөлу, көпқабатты тұрғын үйлердің мәселелері, Хайруллин көшесіне балалар ойын алаңшасын салу, мәдениет үйлерін салу, көшелерге асфальт төсеу, қаңғыбас иттер мәселесі, А-2 тас жолының құрылысы кезінде үйін құм басып қалуы, тұрғын үйінің алдынан кәсіпкерлік нысан ашу, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық көлік мәселесі және атауы жоқ көшелерге атау беру мәселелері көтерілді.
Жеке қабылдау барысында әрбір өтініш бойынша арнайы хаттама толтырылып, тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Көтерілген мәселелердің орындалуы бақылауға алынды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









