📌 Ақтөбеде кәсіпкерлік нысандарда тіл заңнамасының талаптары түсіндірілді
Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері тұрғындардан келіп түскен өтініштер негізінде Әбілқайыр хан даңғылы бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандарға барып, еріктілермен бірлесіп түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәсіпкерлік нысандарда мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, көрнекі ақпарат пен жарнамалардың қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес рәсімделуін қамтамасыз ету.
Түсіндіру жұмыстары барысында кәсіпкерлерге «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бабы мен «Жарнама туралы» Заңның 6-бабының талаптары түсіндірілді. Атап айтқанда, көрнекі ақпараттар мен жарнамалық материалдарды мемлекеттік тілде орналастыру мәселесіне назар аударылды.
Мемлекеттік тілде ақпарат орналастырмаған кәсіпкерлік нысандарының өкілдеріне заңнама талаптарына сәйкес ақпаратты рәсімдеу жөнінде ұсынымдар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









