«КӨРКЕМ ТІЛ – КӨРІКТІ ЖАРНАМА» АКЦИЯСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

    20 қазан күні облыс бойынша жыл бойы жүргізілген «Көркем тіл – көрікті жарнама» акциясының қорытынды шарасы өтіп, мемлекеттік тілдің қоғамдық кеңістіктегі қолданысын кеңейтуге және жарнама мәдениетін қалыптастыруға үлес қосқан кәсіпкерлер марапатталды.
    📍 Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылған акцияның нәтижелерін «ХХІ ғасыр дарындары» қоғамдық қорының өкілі Кәби Гүлнәр Әбдісаматқызы таныстырды.
    💬 Шара барысында Ақтөбе қалалық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Алдаш Нұрдәулет жарнамадағы тілдік нормалар мен сауаттылық мәселелеріне тоқталды.
    Ақтөбе облысының кәсіпкерлер палатасы Салалық даму бөлімінің басшысы Смағұлова Динара кәсіпкерлік нысандардағы көрнекі ақпарат пен мемлекеттік тілде қызмет көрсету тәжірибесі жөнінде пікір білдірсе, жас ақын, әнші Ешбағамбет Диана қазақ тілінің жастар арасындағы қолданысы, ана тілінің шығармашылықтағы орны және жас буынның тіл мәдениетін қалыптастырудағы жауапкершілігі туралы ой бөлісті.
    📍 Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Алтынай Юнисова акцияның маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейтуге үлес қосқан кәсіпкерлерді марапаттады.
    🏆 Акция қорытындысы бойынша бес номинацияның жеңімпазы анықталды:
    🔹 «Ең сауатты жарнама» – «Мақсат» азық-түлік дүкенінің иесі Төлеп Алмабек (Әйтеке би ауданы);
    🔹 «Ең үздік аударма» – «Жаннұр» шағынмаркетінің иесі Жүндібай Мейрамгүл (Ойыл ауданы);
    🔹 «Қырағы көз» – «Alturan» қоғамдық тамақтану орнының иесі Қайдар Гүлнәр (Мұғалжар ауданы);
    🔹 «Тіл мәдениетінің жаршысы» – «Бану» сауда үйінің иесі Керей Мейірғали (Ақтөбе қаласы);
    🔹 «Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсетушісі» – «Сығанақ» мейрамханасының иесі Жадырасын Ерлан (Ақтөбе қаласы).
    Сонымен қатар, «ХХІ ғасыр дарындары» қоғамдық қорының алғыс хатымен бірқатар кәсіп иелері марапатталды:
    🔹 «Алтыбақан» дәмханасының иесі Шымбай Сарқыт (Мұғалжар ауданы);
    🔹 «Алтынбалық» дәмханасының иесі Жалғасбай Бақытгүл (Байғанин ауданы);
    🔹 Көкөніс және жеміс-жидек дүкенінің иесі Қазақбай Жасұлан (Қарғалы ауданы).
    ✨ Акция аясындағы жұмыстар мемлекеттік тілдің күнделікті қолданысын кеңейтіп, қоғамдық кеңістікте сауатты тілдік орта қалыптастыруға бағытталған. Мемлекеттік тілдегі жарнаманың сапасын арттыру – баршамызға ортақ міндет!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" жаңалықтары