Ақтөбеде ономастка саласындағы өзгерістер талқыланды
Ақтөбеде Қазақстандағы ономастика саласын жетілдіру мәселелері қаралды , деп хабарлайды ҚазАқпарат DKnews.kz . Ақтөбе облысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен " Ономастика : ұлттық танымға бетбұрыс " тақырыбында республикалық семинар өтті . Сарапшылар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ономастикалық саланы орталықтандыруға қатысты өзгерістер мен толықтырулармен заң нормаларын түсіндірді . " Тарихи тұлғалар " , " Жер - су атаулары " және " Дәстүрлі атаулар " өзекті тізбесіне , сондай -ақ өзгертулер мен толықтырулармен әдістемелік ұсыныстарға назар аударылды . Сондай -ақ, қатысушылар ҚР цифрлық даму , инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесе отырып , жаңартылған ономастикалық атауларды халық кеңінен қолданатын карталармен ( Yandex , 2GIS ) және навигация құралдарындағы ономастикалық атаулармен біріздендіру жан- жақты талқыланғанын айтты . Сонымен қатар , семинарда елді мекендердің бастапқы және тарихи атаулары мәселелері бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері , сондай -ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған ұсынылған шаралар қарастырылды . Семинар жұмысына Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері , Өңірлердегі ономастика қызметіне жауапты басқармалардың басшылары , сондай -ақ Ақтөбе облысы аудандары әкімдерінің орынбасарлары қатысты .