📍 МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ҚОЛДАНУҒА АРНАЛҒАН QR-КОДТАР ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРҒА ОРНАЛАСТЫРЫЛДЫ

    1 / 5

    Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Көркем тіл – көрікті жарнама» акциясы шеңберінде мемлекеттік тілдің күнделікті қолданысын кеңейтуге бағытталған кезекті жұмыс жүргізілді.

    Атап айтқанда, түрлі қызмет көрсету орындарына QR-код арқылы қолжетімді тақырыптық сөздіктері бар арнайы көрнекі материалдар орналастырылды.

    📲 QR-кодты сканерлеу арқылы тұрғындар дүкен, дәріхана, шаштараз, такси, банк, халыққа қызмет көрсету орталығы, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт салаларында жиі қолданылатын қазақша сөздер мен тіркестерді оңай таба алады.

    Бастаманың басты мақсаты – мемлекеттік тілді күнделікті өмірде қолдануды жеңілдетіп, тұрғындарға қолжетімді әрі тиімді тілдік құрал ұсыну.

    Бұл жұмыс қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтіп қана қоймай, қызмет көрсету мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік тілдің қоғамдық ортадағы мәртебесін нығайтуға ықпал етпек.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" жаңалықтары