Қазіргі уақытта латын әрпін қолдану, ең алдымен, заман талабы болып отыр.Сондықтан да заманауи технологияларға тәуелді екенімізді мойындап, кез келген жаңа дүниелермен санасқанымыз жөн.
Бүгінгі таңда әлем халқының 75 пайызы қолданатын алдыңғы қатарлы әліпби – латын графикасына көшу ұлтымыз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі.
Бұл бір жағынан қазақ тілінің заңдылықтарын сақтап, кемелденуіне әкелсе, екінші жағынан әлемдік сандық, ғылыми, мәдени, ақпараттық кеңістікке кірігуге көмектеседі.
Сондай-ақ әлемнің әр түкпірінде жүрген қазақтар латын әліпбиін біледі. Еліміз латын әліпбиіне көшкенде оларға қарым-қатынас жасау оңайға түседі.
Жалпы бұл үдеріс жақсы дайындықты қажет етеді. Елімізде қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Латын графикасына көшу бағытындағы материалдық, техникалық, кадрлық, әдістемелік шаралар қалыптастырылады. Әрбір азаматқа толыққанды мүмкіндік жасалып, жаңа әліпбиді тегін оқып-үйренеді.