Биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату, мал қорымдары

    1 / 2

    Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өндірумен, тасымалдаумен, дайындаумен және өңдеумен айналысатын ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың жеке қосалқы шаруашылықтарының шаруашылық қызметі барысында едәуір мөлшерде биологиялық қалдықтар түзіледі, олар қоршаған ортаны ластау көзі болып табылады, жұқпалы аурулардың таралуына ықпал етіп, халықтың және ауыл шаруашылығы жануарларының саулығына нақты қауіп төндіреді.

    Биологиялық қалдықтарға жануарлар мен құстардың өлекселері, жануардың іш тастауы салдарынан түскен және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар (ет, балық, жануарлардан алынатын басқа да өнімдер), жануарлардан алынатын тағамдық және тағамдық емес шикізатты өңдеу кезінде алынатын басқа да қалдықтар жатады.

    Жануарлардың жұқпалы ауруларының алдын алуда жануарлардың өлекселерін уақтылы жинаудың және оларды тиімді тәсілдермен кәдеге жаратудың маңызы зор. Инфекциядан өлген жануарлардың өлекселері мен ағзасында патогендік микроағзалар өте ұзақ уақыт сақталады. Сондықтан жануардың өлексесі жұқпалы аурулардың таралу көзі бола алады.

    Жануар иесі жануар өлген, іш тастау салдарынан түскен немесе өлі туған төлді байқаған сәттен бастап бір тәуліктен аспайтын мерзімде бұл туралы мал дәрігеріне хабарлауға міндетті, ол сол жерде қарап тексеру нәтижелері бойынша биологиялық қалдықтарды кәдеге жарату немесе жою тәртібін айқындайды.

    Биологиялық қалдықтарды қайта өңдеуге немесе көмуге (күйдіруге) апару міндеті жануар иесіне жүктеледі.

    Биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратудың бір жолы – мал қорымдары (биотермиялық шұңқырлар).

    Мал қорымы (биотермиялық шұңқыр) – санитариялық-қорғаныш аймағын сақтай отырып орналасқан жануарлардың өлекселерін залалсыздандыруға арналған құрылыс.

    Құрметті жануарлар иелері!Биологиялық қалдықтарды жерге көмуге, су қоймалары мен тұрмыстық қоқыс контейнерлеріне тастауға, сондай-ақ қалдықтарды көмуге арналған полигондарға апаруға қатаң тыйым салынады.

    Осыған байланысты жануарлардың әрбір өлім-жітімі немесе ауыру жағдайы туралы ветеринар мамандарға дереу хабарлау қажет. Белгіленген ветеринариялық талаптарды сақтау аумақтың эпизоотологиялық саулығын қамтамасыз етеді және жануарлар мен адамға ортақ қауіпті аурулардың таралуын болдырмайды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы" жаңалықтары