Бостандық ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков тұрғындарды қабылдады

    1 / 4

    Қабылдау барысында азаматтар өздерін толғандырған мәселелерді жеке өзі жеткізіп, өтініштері бойынша түсініктеме алды.

    Қала тұрғындары жекелеген шағын аудандардағы аудандық қызметтердің назарын қажет ететін өзекті мәселелермен бөлісіп, тұрмыс жағдайына қатысты сұрақтарды көтерді. Аудан әкімі оларды шешудің ықтимал жолдарын талқылап, Бостандық ауданы әкімдігінің жауапты қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берді.

    Кейбір мәселелер бойынша жағдайды орнына барып қосымша зерделеу көзделген. Мұндай тәсіл мән-жайды объективті бағалауға және көтерілген мәселелерді шешу үшін қажетті шараларды айқындауға мүмкіндік береді.

    Азаматтарды жеке қабылдау – аудан тұрғындарымен ашық диалогтың маңызды құралы. Келіп түскен барлық өтініштер қолданыстағы заңнама шеңберінде толық қаралғанға дейін Бостандық ауданы әкімі аппаратының бақылауында болады.

    Еске салайық, күрделі жөндеу кезеңінде Бостандық ауданының әкімдігі уақытша мына мекенжайда орналасқан: Абай даңғылы, 143 / Радостовец көшесі, 112. Қабылдау апта сайын сейсенбі күні өтеді. Қабылдауға 394 38 90 телефоны арқылы жазылуға болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Бостандық ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары