Павлодарда «Тіл – ұлттың тірегі» атты облыстық форумы өтті

    1 / 5

    2026 жылғы 26 қарашада Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастыруымен жастар бастамаларын дамыту орталығында «Тіл – ұлттың тірегі» атты облыстық форум өтті. Шараға қала, аудандардың тіл саясатына жауапты бөлім қызметкерлері мен зиялы қауым өкілдері, өңіріміздің белсенді жастары мен студенттері қатысты.

    Форумның мақсаты – өңірдегі тілдерді дамыту бағытындағы өзекті мәселелерді талқылау, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, тіл саласындағы тиімді тәжірибелермен бөлісу және жаңа бастамаларды қолдау.

    Форумның ашылу салтанатының алғы сөзін мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Алтаев қазақ тілінің рөлі мен маңызына, тілді заманауи талаптарға сай дамыту мәселелеріне тоқталды.

    Аталған іс-шарада Әлкей Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің профессоры Шақаман Ырысгүл Бектемірқызы, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының басшысы Шабажанова Салтанат Қалиасқарқызы, Қазақстан Республикасы ІІМ Оқу орталығы, арнайы пәндер циклінің аға оқытушысы, полиция подполковнигі Балғожина Саяжан Егеубайқызы, Павлодар қаласының №27 жалпы орта білім беру мектебінің басшысы Онянов Тимур Петрович және Успен ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Альпеисова Салтанат Мұратқызы баяндама жасады.

    Сондай-ақ форум барысында облысымызда тіл саясатын іске асыруда сүбелі үлес қосып жүрген азаматтар алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Шара мерекелік ән шашумен аяқталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы" жаңалықтары