Қазақстан мен Францияның атом саласындағы ынтымақтастығы

    1 / 3

    26–27 қараша күндері Астанада Қазақстан мен Франция арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықты бақылау жөніндегі Бірлескен комитеттің кезекті отырысы өтуде.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның, «Қазақстан атом электр станциялары» ЖШС-нің, Франция Республикасының Еуропа және сыртқы істер министрлігінің, Orano, Arabelle Solutions компанияларының, сондай-ақ екі елдің басқа да мемлекеттік органдарының өкілдері қатысуда.

    Тараптар атом саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын және стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытудың перспективаларын талқылауда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі" жаңалықтары