Атом саласын дамыту мақсатында ғылыми-техникалық қолдау ұйымын айқындау қажеттілігінің туындауына байланысты Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі(бұдан әрі – Агенттік)атом саласын дамыту мақсатында ғылыми-техникалық қолдау ұйымы ретінде айқындау үшін заңды тұлғалардан өтініштер қабылдау туралы хабарлайды.
Ғылыми-техникалық қолдау ұйымын айқындау Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі Төрағасының міндетін атқарушының
2026 жылғы 29 қазандағы № 128-н/қ бұйрығымен бекітілген Атом энергиясын пайдалану саласындағы ғылыми-техникалық қолдау ұйымдарын айқындау қағидаларына(бұдан әрі – Қағидалар)сәйкес жүзеге асырылады.
Аталған Қағидалардың 3-тармағына сәйкесАтом саласын дамыту мақсаттары үшін ғылыми-техникалық қолдау ұйымы ретінде мынадай өлшемшарттарға бір мезгілде сәйкес келетін:
1) атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын;
2) жұмыскерлерінің құрамында атом энергиясын пайдалану саласындағы қызмет бағыттары бойынша білімі, біліктілігі және жұмыс тәжірибесі бар мамандары болатын;
3) өзіне жүктелетін функцияларды орындау үшін ұйымдастырушылық, қаржылық, материалдық-техникалық ресурстарға ие;
4) атом энергиясын пайдалану саласында сараптамалық не талдамалық жұмыстарды орындаудың құжатпен расталған тәжірибесі бар;
5) орындалатын жұмыстардың объективтілігін қамтамасыз ету және мүдделер қақтығысын болғызбау жөніндегі шараларды белгілейтін ішкі ұйымдастырушылық құжаттары бар заңды тұлға айқындалады.
Қатысу үшін заңды тұлға Агенттікке Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш ұсынады.
Өтінішке Қағидалардың 2-тарауында белгіленген өлшемшарттарға заңды сәйкестігін растайтын мәліметтер мен құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Атом энергиясын пайдалану туралы» Заңының 25-1 бабының 8-тармағында көзделген функцияларды орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар қоса беріледі.
Өтініштерді қабылдаудың басталу күні – 2026 жылғы 13 қараша.
Өтініштерді қабылдаудың аяқталу күні – 2026 жылғы 19 қараша.
Өтініштер мен оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдау осы хабарландыруда көрсетілген өтініштерді қабылдау басталған күннен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Өтініштерді қабылдау мерзімі басталғанға дейін немесе аяқталғаннан кейін келіп түскен өтініштер қайтару себебі көрсетіле отырып, заңды тұлғаға қараусыз қайтарылады.
Өтініштер мен құжаттар электрондық түрде мына электрондық пошта мекенжайы бойынша қабылданады:[email protected]. Анықтама телефоны: 8 71-72-57-13-24.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









