"Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты
2026 жылғы 13 қарашада № 1 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінде Абай қаласының «Орталық ауруханасы» КМК дәрігерлеріне медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) мәселелері бойынша оқыту өткізілді.
Оқыту барысында азаматтарды МӘС-ке жіберу тәртібі, мүгедектікті белгілеу критерийлері, тіршілік-тынысының шектелуін бағалау, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптары қарастырылды.
Іс-шара медициналық қызметкерлердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға және МӘС-тен өту үшін құжаттарды дайындау кезінде нормативтік құқықтық актілердің талаптарын дұрыс қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









