АЛАКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНДЕ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АДАЛДЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ВОРКШОП ӨТТІ

    1 / 2

    АЛАКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНДЕ «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АДАЛДЫҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА ВОРКШОП ӨТТІ

    2026 жылғы 25 қарашада Алакөл ауданы әкімдігінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және адалдық» тақырыбында воркшоп ұйымдастырылды.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметте заңдылық пен ашықтық қағидаттарын нығайту, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, сондай-ақ адалдық, әділдік пен парасаттылық құндылықтарын дәріптеу.

    Воркшоп барысында қатысушылар топтық тапсырмаларды орындап, тәжірибелік жағдаяттарды талқылады. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметшінің жеке жауапкершілігін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

    Мұндай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігін арттырып, қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алакөл ауданының әкімдігі" жаңалықтары