Алакөл ауданында егін жинау науқаны толық аяқталды
Алакөл ауданында биылғы егін жинау науқаны қорытындыланып, диқандар дәнді және майлы дақылдарды жинау жұмыстарын толық аяқтады.
Атап айтқанда, 32 529,5 гектар дәнді дақыл алқабы толығымен жиналып, қамбаға 75 192,4 тонна өнім құйылды. Оның ішінде күздік бидайдан – 17 632 тонна, жаздық бидайдан – 15 400 тонна, арпадан – 26 593,7 тонна, жүгеріден – 14 600,7 тонна өнім алынды.
Сонымен қатар, 28 928,3 гектар майлы дақыл алқабы толық жиналып, 42 885 тонна өнім қамбаға жеткізілді. Оның ішінде соядан – 30 410,2 тонна, күнбағыстан – 10 903,6 тонна өнім жиналды.
Қант қызылшасын жинау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін 692 гектар алқаптан 28 003 тонна өнім жиналып, орташа өнімділік гектарына 404,7 центнерді құрады.
Жиын-терін науқанына 6 комбайн мен 31 тасымалдаушы техника жұмылдырылған.
Мол өнім – маңдай тер мен еселі еңбектің нәтижесі. Егін жинау науқанына атсалысқан барлық шаруалар мен еңбеккерлерге алғыс білдіреміз! Еңбектеріңіз жемісті, берекелі болсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








