Speaking Club:Алакөлде мемлекеттік қызметшілерге арналған тіл сабақтары аяқталды
«Адал азамат» идеалдарын ілгерілетуге бағытталған 2025–2027 жылдарға арналған жол картасы аясында Алакөл аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығы мемлекеттік қызметшілерге арналған Speaking Club кездесулерін жыл бойы тұрақты түрде ұйымдастырды.
Клуб сабақтарының басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің тілдік құзыреттілігін арттыру, кәсіби қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және қазақ тілінде сауатты, еркін әрі табиғи сөйлеу дағдыларын дамыту.
Кездесулер барысында қатысушылар түрлі кәсіби тақырыптарды талқылап, пікір алмасып, қызметтік қарым-қатынаста кездесетін тілдік жағдаяттарды талдады. Сондай-ақ сөз саптау мәдениетіне, ойды нақты жеткізуге және калькалық қолданыстардан арылуға басымдық берілді.
Бүгін жыл бойы жүргізілген Speaking Club сабақтарының қорытынды кездесуі өтті.
Мұндай бастамалар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, мемлекеттік тілдің қызметтік ортада дұрыс әрі сапалы қолданылуына ықпал етеді.
Тілдік құзыреттілік – кәсіби мәдениеттің маңызды көрсеткіші.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









