Алакөлде Қастек Баянбайдың 90 жылдығына арналған еске алу кеші өтті
Бүгін, 13 қарашада, Алакөл ауданындағы З. Қойшыбаева атындағы аудандық мәдениет үйінде қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, жерлес ақын Қастек Баянбайдың туғанына 90 жыл толуына орай еске алу кеші өтті.
Тағылымды шарада ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған бейнефильм көрсетіліп, қаламгердің әдеби мұрасы мен өнегелі жолы кеңінен насихатталды. Арнайы шақырылған әдебиет және өнер өкілдері, ақынның отбасы мүшелері естеліктерімен бөлісті.
Сондай-ақ аудан көлемінде ұйымдастырылған «Балдырғандар бағбаны – Қастек Баянбай» байқауы мен «Жырлайды жүрек» мәнерлеп оқу сайысының жеңімпаздары марапатталды. Кеш барысында жергілікті өнерпаздар ақын сөзіне жазылған әндер мен музыкалық шығармаларды орындады.
Шараның басты мақсаты – көрнекті қаламгердің мол шығармашылық мұрасын ұлықтап, есімін кейінгі ұрпақ жадында жаңғырту.
Қастек Баянбайдың балалар әдебиетіне қосқан өлшеусіз үлесі – ұлт руханиятының асыл қазынасы.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









