📚 «ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН – ҰЛТТЫҚ АҒАРТУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ШАМШЫРАҒЫ»

    1 / 2

    Абай ауылдық клубы жанындағы «Ғұмырдария» көркемсөз үйірмесінің кезекті сабағы ұлы ағартушы, ұстаз, жазушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығына арналды.
    Сабақ барысында Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өмір жолы, қазақ даласындағы ағартушылық қызметі, ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлесі туралы кеңінен айтылды. Сонымен қатар қаламгердің тәрбиелік мәні терең өлеңдері мен шығармалары оқылып, олардың мазмұны мен тағылымдық маңызына тоқталды.
    «Кел, балалар, оқылық!» деп білімге шақырған ұлы ұстаздың мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін де маңызын жоймаған рухани қазына.
    Сабақ барысында үйірме мүшелері Ыбырай шығармаларын мәнерлеп оқып, ақынның тағылымды ойларын жүрекпен жеткізуге талпынды.

    📖 Ұлттың ұлы ұстазын ұлықтау – ұрпаққа өнеге.

    Сабақты жүргізген – «Ғұмырдария» көркемсөз үйірмесінің жетекшісі З. Меңдібаева.

    #Ғұмырдария #ЫбырайАлтынсарин #Көркемсөз #АбайАуылдықКлубы #ҰлыҰстаз #РуханиҚазына

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Қазалы ауданы Сарыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары