ӘЙЕЛ – ӘЙЕЛГЕ ТІРЕК!

    1 / 7

    Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» халықаралық науқаны аясында «Әйел – әйелге тірек» атты іс-шара өтті. Іс-шараға Полиция департаментінің, аудан әкімдіктерінің, Отбасын қолдау орталығының өкілдері, Гендерлік комиссия мүшелері және қала жастары қатысты. Орысша аудар Бағдарлама барысында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің студенттері «Алты тағдыр» атты театрландырылған көрініс ұсынса, Саз колледжінің студенттері «Еркіндік биін» орындады. Сонымен қатар «Әйел құқығы – қоғам құндылығы» тақырыбында сала мамандарының қатысуымен әйелдердің құқықтары мен қауіпсіздігі, психологиялық қолдау және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Іс-шара арнайы жасақ қызметкерлерінің сахналық қойылымымен, «Бірге біз күштіміз!» музыкалық композициясымен және флешмобпен жалғасты. Аталған іс-шара әйелдердің құқықтарын қорғауға, қоғамда зорлық-зомбылыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыруға және өзара құрмет пен қолдау мәдениетін нығайтуға бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы" КММ" жаңалықтары