ҰЛТТЫҚ ӨНЕР — ҰРПАҚҚА АМАНАТ!

    1 / 6

    Қатысушылар бұрын күнделікті өмірде жиі кездесе бермейтін көне музыкалық аспаптарды жақыннан көріп, олардың үнін тыңдап, ұлттық өнердің сан қырлы ерекшелігіне қанықты. Әр аспаптың өзіндік тарихы мен орындалу мәнері бар екенін танып, дәстүрлі музыканың тереңдігіне көз жеткізді. Сонымен қатар, кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, жастар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өнер иесімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды. Мұндай жүздесулер жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттырып қана қоймай, ұмыт бола бастаған өнер түрлерін қайта жаңғыртуға да жол ашады. Ұлттық өнер – халқымыздың рухани қазынасы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын баға жетпес мұра. Оны танып-білу, дәріптеу және келер ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз. Осындай мазмұнды кездесуге уақыт бөліп, ұлттық өнердің қыр-сырын таныстырған Абылайхан Оспановқа алғысымызды білдіреміз! Өнеріміз өркендеп, ұлттық құндылықтарымыз ұрпақ санасында жаңғыра берсін!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы" КММ" жаңалықтары