1 / 7
17 қараша – Халықаралық студенттер күніне орай Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Шара барысында орталық басшысының орынбасары Қуаныш Бауыржанұлы Серікбай жастарды мерекемен құттықтап, белсенді жастарды алғыс хаттармен марапаттады. Мерекелік бағдарлама концерттік нөмірлермен жалғасып, ән мен күйден шашу шашылды. Іс-шара жастарға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, студенттік өмірдің жарқын сәттерін дәріптеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









