Шымкент қаласында Дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырысы негізінде түсірілген «Жол» тәрбиелік сериалының ашық көрсетілімі өтті.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, діни сауаттылықты арттыру және жат діни ағымдардың ықпалына қарсы иммунитет қалыптастыру.
Көрсетілімге Қоғамдық кеңес мүшесі, белгілі журналист Әбдез Иманқұлов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдері, дін қызметкерлері мен қала жастары қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар сериалдың мазмұнын талқылап, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты. Қонақтар жастарға ой саларлық пікірлерін айтып, өмірде дұрыс таңдау жасаудың, рухани құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына тоқталды.
«Жол» сериалы – көрерменді ойлануға, өмірлік ұстанымын қалыптастыруға және әрбір шешіміне жауапкершілікпен қарауға шақыратын тағылымды туынды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









