Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен, Жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы аясында ерекше жастардың қолөнер көрмесі мен шығармашылық кеші өтті. Іс-шараның ашылуында Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Әкімжан Әбдәкімов алғы сөз сөйлеп, жастардың шығармашылық әлеуетін қолдау мен олардың қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік жасаудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар жобаға белсенді қатысқан жастарды марапаттады. Көрме барысында 20 жас шебер өз қолдарымен жасаған бұйымдары мен шығармашылық жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Ал мерекелік кеште 15 жас өнерпаз ән мен биден шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды. Айта кетейік, 2026 жылдың сәуір айынан бері жүзеге асырылып келе жатқан «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы бүгінге дейін 200-ден астам ерекше жасты қамтыды. Жоба олардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамытуға, таланттарын танытуға және қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған. «Шексіз мүмкіндіктер» – әр жастың бойындағы талантты танытып, шығармашылық әлеуетін ашуға және қоғамда өз орнын табуына жол ашатын жоба.
ШЫМКЕНТТЕ «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КӨРМЕ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КЕШ ӨТТІ
1 / 9
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

САТЫП АЛАР АЛДЫНДА БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСПАЛАРДЫ (ББҚ) ТЕКСЕРУДІҢ 5 ҚАДАМЫ
Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіАшу
Мұнайлы ауданында «Қауіпсіз үй» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде
Маңғыстау облысының Полиция департаментіАшу
«Кітап оқитын»: Астанадағы мектепте педагогтерге арналған «Ұстаздар ұясы» кабинеті ашылды
Астана қаласының әкімдігіАшу
БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ОРТАҚ МІНДЕТ
Отырар ауданы әкімінің аппаратыАшу
Кітап – адамзат қазынасы
Семей қаласының әкімдігіАшу
""Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы" КММ" жаңалықтары

ШЫМКЕНТТЕ «ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ШАХМАТ ЖӘНЕ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН ТУРНИР ӨТТІ
"Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы" КММАшу
«ТҰСАУКЕСЕР – 2026» САЛТАНАТТЫ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
"Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы" КММАшу
ШЫМКЕНТТЕ ЖАС ОТБАСЫЛАР АРАСЫНДА ДӘСТҮРЛІ «БАҚЫТ МЕКЕНІ» СПОРТТЫҚ КВЕСТІ ӨТТІ
"Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы" КММАшу
📚 10 ТАМЫЗ – АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ
"Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы" КММАшу
МҰХТАР МАҒАУИННІҢ «АЛАСАПЫРАН» РОМАНЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
"Шымкент қаласының жастар саясаты басқармасы" КММАшу