Тараз университетінің студенттері каратэ-додан Әлем чемпионы атанды

    30 қазан мен 1 қараша аралығында Үндістанның Бангалор қаласында барлық жас санаттары бойынша Шотокан каратэ-додан әлем чемпионаты өтті. Халықаралық додада М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері Гүлжанат Қобланды мен Мәдина Мұрат жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медаль иеленді.

    Әлемнің үздік спортшылары бақ сынаған чемпионатта қазақстандық студенттер өз санаттары бойынша бірінші орын алып, әлем чемпионы атанды. Осылайша, олар ел қоржынына екі алтын медаль салып, Қазақстанның халықаралық спорт аренасындағы жетістіктерін толықтырды.

    Жеңімпаздар – М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Білім саласындағы дене мәдениеттік-спорттық қызмет» (6В01421) білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері. Олардың халықаралық жарыстағы жетістігі жүйелі дайындықтың, табанды еңбектің және кәсіби спорттық шеберліктің нәтижесі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Талас ауданының әкімдігі" жаңалықтары