«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Таза Шым» тақырыбында кездесу өтті. Іс-шараға Әл-Фараби ауданы прокуратурасының прокуроры Диана Жанкелдиновна Оразымбетова, Экология департаменті басшысының орынбасары Дүйсен Оразалиевич Құлтилеуов, Шымкент қаласының ACCESS бағдарламасының түлектері «ASAA» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Данара Юрьевна Саранова және «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары Қуаныш Бауыржанұлы Серікбай, сондай-ақ 50-ге жуық жас қатысты. Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау, экологиялық заңнама талаптарын сақтау, қала тазалығын қамтамасыз ету және әрбір азаматтың табиғат алдындағы жауапкершілігі жөнінде сөз қозғалды. Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, экологиялық мәдениетті дамытуға қатысты пікірлерімен бөлісті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









