1 / 5
2026 жылғы 20 қарашада Тексеру комиссиясының мүшелері мен аппарат қызметкерлерінің қатысуымен сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жүргізу қағидасына және рәсімдік стандарттарына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ Интосай халықаралық аудит стандарттары бойынша техникалық оқыту өткізілді.
Күн тәртібіне сәйкес, Сапа бақылау және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас инспектор-заңгері және Мемлекеттік аудит бөлімінің басшысы жоғарыда аталған тақырыптар бойынша баяндама жасады.
Оқыту барысында баяндамашыларға сұрақтар қойылып, тақырыптар бойынша талқылаулар жүргізілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






