«16 күн зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» республикалық акциясы басталды!
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында Алматы қаласы Наурызбай ауданының аумағында «16 күн зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл» республикалық акциясы өткізіледі.
Акцияның басты мақсаты – тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
Наурызбай ауданының полиция басқармасы акция аясында профилактикалық іс-шараларды ұйымдастырып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! Үнсіз қалмаңыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









