Наурызбай ауданы әкім аппараты

    Об акимате

    Әкімдік туралы
    Наурызбай ауданы Алматы қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 3/522 бірлескен қаулысына және "Наурызбай ауданын құру және Алматы қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы" V сайланған Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 шілдедегі ХХІХ сессиясының № 240 шешіміне сәйкес құрылды. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы " Заңына сәйкес Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты " коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету міндеттерін айқындайды.
    "Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35, 38-баптарында, " Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі туралы " Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығында айқындалған.

    Наурызбай ауданы Алматы қаласының сегіз әкімшілік-аумақтық аудандарының бірі болып табылады, 2014 жылдың 2 шілдесінде аумағы Ауезов, Бостандық аудандары мен Алматы облысының Қарасай ауданынан бөлініп құрылды. Аудан аумағы 6 967 га. Халқының саны (мың адам) 220 187.

    Ауданның шекаралары: Ақсай және Қарғалы өзендері, Райымбек даңғылы (Ташкент көшесі), баубақша серіктестіктері.
    Наурызбай ауданы әкімінің аппараты ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметтерін атқарады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Тұрғындармен кездесу !!!

    Тұрғындармен кездесу!!! Өтетін орны: №206 мектеп-гимназиясы Мекенжайы: Қалқаман шағынауданы, Талжанов көшесі, 15 Уақыты: сағат 11:00 Күні: 2026 жылғы 30 шілде.

    30 шілде 2026 ж.Тікелей
    Мкр.Калкаман, ул Талжанова 15

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Егер қысым аз болса немесе газ өшіп қалса, кімге жүгіну керек?

    Жауап

    Газбен жабдықтау мәселесі бойынша ақауларды жоюға өтініш беру үшін келесі ұйымдарға жүгінуге болады: «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ, телефон нөмірі: 104. «Тәуекел Н Алғабас» ЖШС телефон нөмірі:8(727) 2970747.

    Сұрақ

    Зейнеткерлер бос уақытын ұйымдастыру үшін қайда жүгіне алады?

    Жауап

    Зейнеткерлік жастағы тұрғындар егде жастағы адамдар үшін белсенді ұзақ өмір сүру орталығына жүгіне алады. Мекен-жайы: Әшімова, 299 үй. Қызметтер: 17 (гимнастика, психология, иконе, йога, вокал, тілдерді үйрену, кинезиология, экскурсиялар, шахмат, домино, қолмен жасау, графика)

    Сұрақ

    Асфальттың деформациясын, жол жамылғысының зақымдануын, тротуарларды, шұңқырларды жою және жиектерді тегістеу

    Жауап

    Аудан аумағында Наурызбай ауданы әкімі аппаратының (тапсырыс берушінің) тапсырмасы бойынша көше-жол желісін ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу бойынша «RBS Дорстрой» ЖШС мердігерлік ұйымы орындайды. Сіз 370-01-57 телефон нөмірі бойынша өтініш қалдыра аласыз немесе толық ақпарат ала аласыз. (Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімі)

    Ереже

    Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің ережесі

    Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және аудан әкіміне, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына бағынады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Бөлімнің құрылымдық, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының штаттық кестесіне сәйкес бекітіледі. Бөлім құралады: бөлім басшысы; бас инспектор; бас маман; бас маман; бас маман. Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері Міндеті: Су және кәріз желілерімен жабдықтау жұмыстарының жүргізу барысын қадағалау, үйлестіру және ұйымдастыру. Функциялары: су және кәріз желілерінің құрылыс және қайта құру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама дайындау; су және кәріз желілерімен жабдықтау бойынша ұсыныс енгізу және даму схемасын бекіту; сараптамалардан өту үшін техникалық құжаттамаларды дайындау; су және кәріз желілерінің құрылыс және қайта құру жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау; Міндеті: Қоғамдық орындардың даму жұмыстарының жүргізу барысын қадағалау, үйлестіру және ұйымдастыру. Функциялары: саябақтарды, скверлерді, велосипед жолдарын, жаяу-серуендер мен жасыл аймақтарды салуды және реконструкциялауды қажет ететі аумақтарды тексеру және мониторингтеу; саябақтартар, скверлер, жаяу-серуендер мен жасыл аймақтарды абаттандыру бойынша ұсыныс енгізу; қоғамдық кеңістіктердің (қайта құру, жаңа құрылыс, күрделі жөндеу) дамуы бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындау және жүзеге асыру; сәулет саласындағы уәкілетті органдармен өз-арабайланыс орнату; Міндеті: Жол инфрақұрылымы және техникалық қадағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру, қадағалау. Функциялары: орташа және күрделі жөндеу, сонымен қатар жаңа жол желілерінің құрылысын, жаяу жүргінші жолдарының құрылысын, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуді талап ететін көшелерді тексеру; уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті өтініп жолдау және аталған бағыттағы жұмыстың орындалуын қадағалау; ағымдағы жол жөндеуді, бордюрлерді түзетуді және ауыстыруды талап ететін көшелерді тексеру; жоспарға сәйкес жол желісін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс көлемінің орындалуын бақылау және үйлестіру; құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалауды жүзеге асыру және мердігер құрылыс ұйымдарынан аяқталған объектілерді қабылдау; қолданылатын конструкциялардың, құрылыс материалдарының, бұйымдар мен жабдықтардың сапасын, сертификаттардың болуын бақылауды жүзеге асыру; қызмет көрсетушілердің шарттық міндеттемелерін орындау барысындағы жұмыстарды бақылау және үйлестіру, құрылыстың бүкіл кезеңінде техникалық мәселелерді шешу, объектіні пайдалануға беру және жобалық қуаттарды игеру; Міндеті: бөлім қызметіне жалпы басшылық, өз құзіреті шегінде белгілі бір іс-шаралардың іске асырылуын және бөлімнің құжат айналымын қамтамасыз ету. Функциялары: Инженерлік және жол желілерін, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды дамыту бойынша қау актілерін, шығын сметаларын дайындау; инженерлік-жол желілерін дамытуға, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға техникалық сипаттамаларды әзірлеу, бастапқы деректерді жинау, мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттарды ресімдеу; бюджеттік бағдарламаларға өтінімдерді дайындау және ресімдеу (бағыттары: жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, құрылыс-монтаждау жұмыстары, инженерлік желілерді күтіп ұстау және қайта жаңарту, жол желілерін күтіп ұстау, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру); объектіні жобалаудың, салудың, пайдалануға берудің және жобалық қуаттарды игерудің бүкіл кезеңінде бекітілген объектілердің техникалық мәселелерін шешу; сәулет, сәулет-құрылыс бақылау, экология және қоршағана орта, энергетика және сумен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік органдарымен өзара байланыс орнату; жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтінішті қр қолданыстағы заңнамамен белгіленген мерзімде қарау; хаттамалық тапсырмалардың және кіріс, шығыс хаттардың уақытылы орындалуы; жетекшілік ететін ақпараттарды қалыптастыру және орындау; атқарылған жұмыстар бойынша тоқсандық және жылдық есеп дайындау. Құқығы және міндеттері: бөлімнің құзыреті шегінде аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан және аудандық қызметтерден, өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті ақпараттар, құжаттар, анықтамалар, мәліметтер мен басқа қажетті құжаттарды алуға; өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің қаулыларын, Алматы қаласы әкімінің шешімдерін және өкімдерінің, аудан әкімінің актілеріне сүйене отырып ауданның көріктендіру бойынша сұрақтарының орындалуына, олардың іске асырылуына ақпарат дайындау; жеке және заңды тұлғалардың ауданның көріктендіру сұрақтары бойынша өтініштерін және қызметтік хаттарды қарасытруға; Қазақстан Республикасының заңнамаларына және бөлімнің құзіретіне сәйкес басқа құқықтарды орындауға. Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің қызметін ұйымдастыру Бөлім қызметкерлері лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген жұмыс жағдайына дербес жауапты болады. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, еңбек және атқарушылық тәртіпке жауап береді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

    Жарияланды:
    Ереже

    Коммуналдық шаруашылық бөлімінің ережесі

    Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Коммуналдық шаруашылық бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және аудан әкіміне, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына бағынады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Бөлімнің құрылымдық, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының штаттық кестесіне сәйкес бекітіледі. Бөлім құралады: бөлім басшысы; бас инспектор; бас маман; бас маман. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері Міндет: Су, кәріз, электр, газ және телекоммуникация желілерінде құрылыс-монтаждық жұмыстардың жүргізілуі және пайдалануға берілуі бойынша атқарылатын жұмыстарды үйлестіру. Мақсаты: Аудан тұрғындарын сапалы су және кәрізбен қамтамасыз ету, су өткізу қабілеттілігін арттыратын құрылыс жұмыстарын жүргізуді, сонымен қатар инженерлік желілерді пайдалануында кешенді жұмыстарды ұйымдастыру. Аудан тұрғындарын сапалы газ, жылу және ыстық су қызметімен қамтамасыз ету, газ желілеріне мен газ реттеуіш шкафтарға және жылу желілеріне техникалық қызмет көрсету, жылыту маусымына газ шаруашылығын және жылу желілерін әзірлеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру. Аудан тұрғындарын сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету, тозығы жеткен электр тарату желілерін ауыстыру, трансформатор қондырғыларының қуаттылығын арттыру, электр желілерінің пайдаланылуында кешенді жұмыстар жүргізуді ұйымдастыру. уәкілетті органдарға заңсыз құрылыс нысандарын анықтау, жер телімдерін еріксіз басып алу, қолданыстағы емес және мақсатсыз қолданыстағы жер телімдерді алдын алуға ықпал ету. Міндет: кондоминиум нысандарында санитарлық тазалық және көріктендіру жұмыстарының жүргізілуін қамтамасыз ету. Мақсаты: ПИК (пәтер иелері кооперативтері), бау-бақша бірлестіктері (ТК, БСТК) және коттедждік қалашықтармен тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында қарым-қатынас орнату. Кондоминиум нысандарында көріктендіру (аулаларды күрделі жөндеуден өткізу), жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалықтың сақталуын қамтамасыз етуде жұмыстар ұйымдастыру. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты және инфрақұрылымды жетілдіру мақсатында мемлекеттік және қалалық бағдарламаларға қатысу жұмыстарын ұйымдастыру және бақылауға алу; («ТКШ жаңғырту», «Аула аумақтарын көріктендіру және көгалдандыру», «Қауіпсіз қала», «Ескі үйлерді сүру» және т.б.). Аудандағы бейіттердің тиісті жағдайда күтіп ұстау жұмыстарын үйымдастыру және үйлестіру; Жер қазба жұмыстары жүргізілген жағдайда мониторинг жасау, жол төсеніштері мен жаяу жүргінші жолдарын, жасыл жекелектердің қайта қалпына келтірілуін үйлестіру; Коммуналдық қызметтерді жеткізушілермен бірлесіп дебиторлық берешекті төмендету бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Міндеттелген лауазымдық нұсқаулықтардың шегінде аудан әкімінің шешімдерін әзірлеуге қатысу. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес өтініштермен хаттарды қарастыру. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің құқығы мен міндеттері 1) Бөлімге міндеттелген тапсырмаларды орындау үшін аудан әкімі аппаратындағы бөлімдерден, ауданның құрылымдық қызмет бөлімдерінен, басқада мекемелерден қажетті ақпараттар мен мәліметтер сұрауға. 2) Аудан әкіміне бөлімнің және жалпы ауданның дамуы бойынша ұсыныстар енгізеді. 3) Аудан әкімі аппаратындағы тиісті бөлімдермен, қалалық және аудандық қызметтермен қарым-қатынас орнату. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметін ұйымдастыру Бөлім қызметкерлері лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген жұмыс жағдайына дербес жауапты болады. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, еңбек және атқарушылық тәртіпке жауап береді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

    Жарияланды:
    Кесте

    Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Н.А. Тоғызбаеваның халықпен тұрақты кездесу бойынша кестесі

    Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Н.А. Тоғызбаеваның халықпен тұрақты кездесу бойынша КЕСТЕСІ № Өтетін орны Күні және уақыты I тоқсан 1. №207 мектеп - лицей Абай ш/а, Алтын Орда к-сі, 6/32 11.00 сағ. 05.02.2026 ж. II тоқсан 2. №192 жалпы білім беретін мектеп Қарагайлы ш/а, Надыров к-сі, 50 11.00 сағ. 23.04. 2026 ж. III тоқсан 3. №206 мектеп - гимназия Қалқаман ш/а, Талжанов к-сі, 15 11.00 сағ. 30.07. 2026 ж. IV тоқсан 4. №214 жалпы білім беретін мектеп Шұғыла ш/а, Райымбек даңғ., 590/5 11.00 сағ. 19.11. 2026 ж.

    Жарияланды:
    Ереже

    Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің ережесі

    Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және аудан әкіміне, әкім аппаратының басшысына бағынады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Бөлімнің құрылымдық, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының штаттық кестесіне сәйкес бекітіледі. Бөлім құралады: 1) бөлім басшысынан; 2) бас инспектордан; 3) бас маманнан; 4) бас маманнан. Бөлімінің негізгі мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері Міндеті: іс жүргізу. Функциялар: кіріс және шығыс құжаттарды уақытында тіркеу, мемлекеттік қызметшілерді олармен таныстыру, құжаттардың өтуін бақылау, белгіленген мерзімде олардың орындалуын қамтамасыз ету. электронды цифрлық қолтаңбаның ашық кілтін пайдалана отырып, электронды цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеру рәсімін жүргізеді. хаттардың рәсімделуін (электрондық құжаттың міндетті деректерінің бар болуын) тексеру, хаттарды пошта және дельдігерлік бағланыс арқылы жіберу жұмысын жүзеге асырады. аудан әкіміне жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша талдамалық анықтамалар мен ақпараттар ұсынады. қызметтік пайдалану үшін белгісі бар (ҚБПҮ) құжаттармен іс жүргізу. істер номенклатурасын әзірлеу, бекітілген номенклатураға және қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес құжаттаманы жүргізу, мұрағатқа құжаттарды уақытылы дайындау және тапсыру. фирмалық бланкілерді есепке алу және беруді қадағалау, бүлінген бланкілер бойынша тоқсан сайын акт дайындау. құжаттармен жұмыс істеу нысаны мен әдісін жетілдіру бойынша іс-шараларды әзірлейді. құпия іс қағаздарын жүргізу. 10) жоғары тұрған органның қарауына мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы материалдарды дайындау және тапсыру жұмысын жүзеге асыру. Міндеті: аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру. Функциялар: 1) аудан әкімі аппаратының персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру. 2) аудан әкімі аппаратының кадрларға, оның ішінде мамандықтар мен біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау. 3) аудан әкімі аппаратының кадр құрамын қалыптастыру. 4) аудан әкімі аппаратының кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде «Е-қызмет» интеграцияланған ақпараттық жүйесінде жүргізу. Міндеті: аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету. Функциялар: 1) аудан әкімі аппаратында кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру. 2) аудан әкімі аппаратының кадрларының кәсіби дамуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің тағылымдамалардан өтуін, даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттыруды ұйымдастыру арқылы қамтамасыз ету. 3) кадр мәселелері жөніндегі комиссияларды ұйымдастыру және қамтамасыз ету болып табылады. 4) әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидасына сәйкес жұмыстарды жүргізу, әскери міндеттілерді брондау. Міндеті: аудан әкімі аппаратында корпоративтік мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек ахуалын дамыту. Функциялар: 1) аудан әкімі аппаратында еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулердің сақталуын қамтамасыз ету; 2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу. Құқықтары мен міндеттері: Бөлімнің жұмысын жетілдіру бойынша аудан басшылығына ұсыныстар енгізуге. Қазақстан Республикасының заңдары және осы Ережемен бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін аудандық құрылымдық бөлімшелерден қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ақпараттар мен өзге де мәліметтерді сұратуға. Басқа мемлекеттік органдардың іс-шараларына қатысуға. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің актілері мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтай отырып, заңдылық қағидасын басшылыққа алуға. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру Бөлім қызметкерлері лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген жұмыс жағдайына дербес жауапты болады. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

    Жарияланды:
    Ереже

    Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің ережесі

    Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Мемлекеттік-құқықтық бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және аудан әкіміне, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына бағынады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Бөлімнің құрылымдық, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының штаттық кестесіне сәйкес бекітіледі. Бөлім құралады: 1) бөлім басшысынан; 2) бас инспектордан; 3) бас маманнан. Мемлекеттік - құқықтық бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері Мақсаты: құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, аудандағы ішімдік және нашақорлықпен, сонымен қатар рецидивтік қылмыстылықпен күресті күшейту. Функциялары: аудан аумағында қылмыстылықпен күресу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен заңдарды сақтау мәселелері бойынша аумақтық құқық қорғау органдары, құрылымдық бөлімшелер және еңбек ұжымының қызметі мен аудан тұрғындарының өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету, үйлестіру. Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Наурызбай ауданы бойынша кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқығын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын ұйымдастыру. Алматы қаласында Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штабының жұмысын ұйымдастыру. аудандағы пайдаланылмайтын жер учаскелері мен нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтау және әрі қарай жұмыс жүргізу, заңсыз салынған құрылыстарды анықтау және әрекет ету. Террористік тұрғыдан осал объектілерге қатысты жұмыс жүргізу, оның ішінде террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес келуіне тексеру жүргізу, объектілердің тізімін жаңарту. Мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және тұрғындардың құқықтық сауатылығын арттыру бойынша жұмыс жүргізу. Функциялары: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша аймақтық бағдарламалардың және іс-шаралар жоспарының орындалуын қамтамасыз ету, аудандық жоспарларды құру. сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жыл сайынғы талдау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу. Әкім аппаратының және аудандағы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне құқықтық оқыту жұмыстарын ұйымдастыру. мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірге тұрғындардың арасында құқықтық ағарту жұмыстарын жүргізу. Мақсаты: Аппарат қызметін заңдық тұрғыдан сүйемелдеу. Функциялары: Аппараттың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта және мемлекеттік органдарда қорғау. нормативтік құқықтық актілерді тиісті органдарда тіркеу және мониторинг жүргізу. Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына сәйкес ауданда қоғамдық медиаторларының тізімін жүргізу. бөлімге түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру, өтініштегі ақпараттар мен ұсыныстарды тәжірибеде қолдану, азаматтардың шағымдануына алып келетін себептерді анықтау және оларды жою бойынша шара қолдану. Аудан әкімімен бекітілетін шешімдер мен өкімдердің қолданыстағы заңнамаға сәйкес келуін тексеру және қол қою. Аудан әкімнің өкімдеріне сәйкес Аппараттың тиісті комиссияларының жұмыстарына қатысу. Құқықтары мен міндеттері: Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті құқықтары мен міндеттері болады. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын басшы басқарады. Бөлім басшысы бөлімнің қызметін жалпы басқаруды жүзеге асырады, оған жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады. Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшылығына бөлімнің құрылымы мен штат саны жөнінде ұсыныстар береді. Мемлекеттік - құқықтық бөлімінің қызметін ұйымдастыру Бөлім басшысы, бас инспектор және бөлімнің бас маманы лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген жұмыс жағдайына дербес жауапты болады. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, еңбек және атқарушылық тәртіпке жауап береді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

    Жарияланды:
    Ереже

    Қоғамдық даму бөлімінің ережесі

    Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қоғамдық даму бөлімінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Қоғамдық даму бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына бағынады. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады. Бөлімнің құрылымдық, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының штат кестесіне сәйкес бекітіледі. Бөлім мыналардан тұрады: 1) бөлім басшысынан; 2) бас инспектордан; 3) бас маманнан. Қоғамдық даму бөлімінің негізгі мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері Міндеті: ауданда халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласындағы әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын, мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру. Денсаулық сақтау, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы жұмыс, тұрғындардың салауатты өмір салтын, халықтың әлеуметтік осал топтарының жағдайын жақсарту. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің заңнамаларын орындауды жүзеге асыру. Функциялар: 1) мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қатысуымен әлеуметтік жобаларды іске асыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету; 2) мүгедектігі бар адамдарды және халықтың әлеуметтік осал топтарының басқа да санаттарын әлеуметтік жобаға тарту; 3) әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы аға буын азаматтарының өмір сүру сапасын арттыру; 4) әлеуметтік жобаларды іске асыру арқылы ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру; 5) әлеуметтік жобаларды іске асыруды жақсарту үшін тәжірибені зерделеу және енгізу; 4) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу; 5) әлеуметтік жобаларды іске асыратын объектілерге бару, ақпаратты, есептерді жинау және қорыту, олардың жұмысының қорытындыларын шығару; 6) әлеуметтік жобаларды іске асыру, үкіметтік емес ұйымдармен әріптестікті дамыту; 7) әлеуметтік мәселелер бойынша дөңгелек үстелдер, кеңестер, семинарлар, кездесулер ұйымдастыру және өткізу; 8) жоғары тұрған органдардың құжаттарын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру, бөлім қызметінің бағыттары бойынша есептілікті ұсыну. Міндеті: Бөлімнің аудандық комиссияларының, жұмыс топтарының қызметін ұйымдастыруды қамтамасыз ету, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру. Функциялар: 1) 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында ҰОС кезеңінде кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға жұмыс өтілін белгілеу жөніндегі арнайы аудандық комиссияның жұмысын жүргізу; 2) Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын жүргізу, гендерлік аспектілерді қарау; 3) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу кезеңіне шақыру комиссиясын ұйымдастыру, әскери міндет және әскери қызмет туралы мәселелер бойынша ҚР заңнамасын ұйымдастыру және орындау; 4) кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі жұмысты жүргізу; 5) әлеуметтік маңызы бар аурулармен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысын жүзеге асыру; 6) мүгедектер үшін қолжетімді ортаны сақтау тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін түгендеуді (паспорттауды) ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі аудандық комиссияның жұмысын жүзеге асыру; 7) жалғыз басты қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйде қызмет көрсетуді ұйымдастыру; 8) қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде есепте тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге қатысу және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету; 9) кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру; 10) үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру. Міндеті: Бөлімнің әлеуметтік жұмыс бағыттары бойынша қызметті ұйымдастыруды, ақпараттық-талдамалық және құқықтық қамтамасыз етуді қамтамасыз ету. Функциялар: 1) бөлімнің жұмысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына, нормативтік-құқықтық актілеріне, жұмыс бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес ұйымдастыру; 2) аудан әкімінің қарауына халықтың қорғалмаған топтарының жекелеген санаттарының жағдайын жақсарту және қолдау, қызмет бағыттары бойынша әлеуметтік объектілердің жай-күйі мен жұмысы жөнінде ұсыныстар енгізу; 3) бөлімнің әлеуметтік қызметінің бағыттары, жетекшілік ететін құрылымдар бойынша тиісті ақпараттық-анықтамалық материалдарды қалыптастыру, аудандағы қоғамдық және әлеуметтік жағдайдың жай-күйін талдау, мемлекеттік қолдау көлемін көрсету; 4) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласы мәслихаты шешімдерінің, қала және аудан әкімінің шешімдерінің, өкімдерінің орындалуын ұйымдастыруды қамтамасыз ету; 5) өз құзыреті шегінде өкімдердің, шешімдердің және басқа да өкімдік құжаттардың жобаларын дайындау; 6) белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында, радиода, әлеуметтік желілерде жетекшілік ететін мәселелер бойынша аудан қызметін жариялауды ұйымдастырады. Міндеті: аудандық қызметтермен, ұйымдармен, мекемелермен және қала басқармаларымен өзара іс-қимыл жасау: 1) Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы; 2) Наурызбай ауданы бойынша ведомствоаралық төлем орталығы; 3) Наурызбай ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы; 4)Алматы қаласы Наурызбай ауданының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы; 5) Наурызбай ауданының полиция басқармасы; 6) Алматы қаласының фтизипульмонология орталығы; 7) Алматы қаласының наркологиялық орталығы; 8) Алматы қаласының «ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы»; 9) Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы; 10) Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы; 11) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ; 12) медициналық ұйымдар. Функциялар. 1) жетекшілік ететін ұйымдар мен мекемелердің, бөлімдердің жұмыс қорытындыларын шығару, аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша көтермелеу, наградаларға ұсыну немесе жауапкершілікке тарту туралы белгіленген тәртіппен аудан басшылығына ұсыныстар енгізу; 2) Әлеуметтік сала және денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштерін қарау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша азаматтарды қабылдауды жүзеге асыру. Құқықтары мен міндеттері: Әкім аппаратының бөлімдерінен, құрылымдық бөлімшелердің, аудандық қызметтердің басшыларынан жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қызмет бағыттары бойынша ақпаратты, құжаттарды, қажетті мәліметтер мен материалдарды сұрату. Белгіленген тәртіппен қала және аудан іс-шараларына, басшылықтың планерлік кеңестеріне және бөлім қызметінің бағыттары бойынша басқа да іс-шараларға қатысу. Бөлім жұмысын жетілдіру жөнінде аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша, аудан әкіміне ұсыныстар енгізу. Аудан әкімі аппаратының тиісті бөлімдерімен, қалалық және аудандық қызметтермен өзара іс-қимыл жасау. Құрылымдық бөлімшелер басшыларының лауазымдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін қала әкімі мен қалалық басқармалардың атына қызметтік хаттар жолдау. Қоғамдық даму бөлімінің бөлімінің қызметін ұйымдастыру Бөлім қызметкерлері лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген жұмыс жағдайына дербес жауапты болады. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

    Жарияланды: