Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің ережесі

    Наурызбай ауданы әкім аппараты

    Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының

    инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің

    ЕРЕЖЕСІ

    1. Жалпы ережелер
    2. Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) құрылымдық бөлімшесі болып табылады және аудан әкіміне, жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына бағынады.
    3. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің актілері, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы», Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі, «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты, Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы Заңдары мен нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
    4. Бөлімнің құрылымдық, штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының штаттық кестесіне сәйкес бекітіледі.
    5. Бөлім құралады:
    • бөлім басшысы;
    • бас инспектор;
    • бас маман;
    • бас маман;
    • бас маман.
    1. Инженерлік және жол инфрақұрылымы бөлімінің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
    2. Міндеті: Су және кәріз желілерімен жабдықтау жұмыстарының жүргізу барысын қадағалау, үйлестіру және ұйымдастыру.

    Функциялары:

    • су және кәріз желілерінің құрылыс және қайта құру жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттама дайындау;
    • су және кәріз желілерімен жабдықтау бойынша ұсыныс енгізу және даму схемасын бекіту;
    • сараптамалардан өту үшін техникалық құжаттамаларды дайындау;
    • су және кәріз желілерінің құрылыс және қайта құру жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;
    1. Міндеті: Қоғамдық орындардың даму жұмыстарының жүргізу барысын қадағалау, үйлестіру және ұйымдастыру.

    Функциялары:

    • саябақтарды, скверлерді, велосипед жолдарын, жаяу-серуендер мен жасыл аймақтарды салуды және реконструкциялауды қажет ететі аумақтарды тексеру және мониторингтеу;
    • саябақтартар, скверлер, жаяу-серуендер мен жасыл аймақтарды абаттандыру бойынша ұсыныс енгізу;
    • қоғамдық кеңістіктердің (қайта құру, жаңа құрылыс, күрделі жөндеу) дамуы бойынша жобалау-сметалық құжаттама дайындау және жүзеге асыру;
    • сәулет саласындағы уәкілетті органдармен өз-арабайланыс орнату;
    1. Міндеті: Жол инфрақұрылымы және техникалық қадағалау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, үйлестіру, қадағалау.

    Функциялары:

    • орташа және күрделі жөндеу, сонымен қатар жаңа жол желілерінің құрылысын, жаяу жүргінші жолдарының құрылысын, жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуді талап ететін көшелерді тексеру;
    • уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті өтініп жолдау және аталған бағыттағы жұмыстың орындалуын қадағалау;
    • ағымдағы жол жөндеуді, бордюрлерді түзетуді және ауыстыруды талап ететін көшелерді тексеру;
    • жоспарға сәйкес жол желісін ағымдағы жөндеу бойынша жұмыс көлемінің орындалуын бақылау және үйлестіру;
    • құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалауды жүзеге асыру және мердігер құрылыс ұйымдарынан аяқталған объектілерді қабылдау;
    • қолданылатын конструкциялардың, құрылыс материалдарының, бұйымдар мен жабдықтардың сапасын, сертификаттардың болуын бақылауды жүзеге асыру;
    • қызмет көрсетушілердің шарттық міндеттемелерін орындау барысындағы жұмыстарды бақылау және үйлестіру, құрылыстың бүкіл кезеңінде техникалық мәселелерді шешу, объектіні пайдалануға беру және жобалық қуаттарды игеру;
    1. Міндеті: бөлім қызметіне жалпы басшылық, өз құзіреті шегінде белгілі бір іс-шаралардың іске асырылуын және бөлімнің құжат айналымын қамтамасыз ету.

    Функциялары:

    • Инженерлік және жол желілерін, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруды дамыту бойынша қау актілерін, шығын сметаларын дайындау;
    • инженерлік-жол желілерін дамытуға, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыруға техникалық сипаттамаларды әзірлеу, бастапқы деректерді жинау, мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттарды ресімдеу;
    • бюджеттік бағдарламаларға өтінімдерді дайындау және ресімдеу (бағыттары: жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, құрылыс-монтаждау жұмыстары, инженерлік желілерді күтіп ұстау және қайта жаңарту, жол желілерін күтіп ұстау, қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру);
    • объектіні жобалаудың, салудың, пайдалануға берудің және жобалық қуаттарды игерудің бүкіл кезеңінде бекітілген объектілердің техникалық мәселелерін шешу;
    • сәулет, сәулет-құрылыс бақылау, экология және қоршағана орта, энергетика және сумен жабдықтау салаларындағы мемлекеттік органдарымен өзара байланыс орнату;
    • жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтінішті қр қолданыстағы заңнамамен белгіленген мерзімде қарау;
    • хаттамалық тапсырмалардың және кіріс, шығыс хаттардың уақытылы орындалуы;
    • жетекшілік ететін ақпараттарды қалыптастыру және орындау;
    • атқарылған жұмыстар бойынша тоқсандық және жылдық есеп дайындау.
    1. Құқығы және міндеттері:
    • бөлімнің құзыреті шегінде аудан әкімі аппаратының бөлімдерінен, құрылымдық бөлімшелердің басшыларынан және аудандық қызметтерден, өзінің лауазымдық міндеттерін орындауға қажетті ақпараттар, құжаттар, анықтамалар, мәліметтер мен басқа қажетті құжаттарды алуға;
    • өз құзіреті шегінде Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметінің қаулыларын, Алматы қаласы әкімінің шешімдерін және өкімдерінің, аудан әкімінің актілеріне сүйене отырып ауданның көріктендіру бойынша сұрақтарының орындалуына, олардың іске асырылуына ақпарат дайындау;
    • жеке және заңды тұлғалардың ауданның көріктендіру сұрақтары бойынша өтініштерін және қызметтік хаттарды қарасытруға;
    • Қазақстан Республикасының заңнамаларына және бөлімнің құзіретіне сәйкес басқа құқықтарды орындауға.
    1. Инженерлік және жол инфрақұрылымы

    бөлімінің қызметін ұйымдастыру

    1. Бөлім қызметкерлері лауазымдық нұсқаулықпен белгіленген жұмыс жағдайына дербес жауапты болады.
    2. Бөлім басшысы бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, еңбек және атқарушылық тәртіпке жауап береді және бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
    Жүктеу
    Положение отдела инженерной и дорожной инфраструктуры
    Положение отдела инженерной и дорожной инфраструктуры
    DOCX · 25 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ереже

    Коммуналдық шаруашылық бөлімінің ережесі

    Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының коммуналдық шаруашылық бөлімінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Коммуналдық шаруашылық бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қара...

    Наурызбай ауданы әкім аппаратыЖарияланды:
    Кесте

    Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Н.А. Тоғызбаеваның халықпен тұрақты кездесу бойынша кестесі

    Алматы қаласы Наурызбай ауданының әкімі Н.А. Тоғызбаеваның халықпен тұрақты кездесу бойынша КЕСТЕСІ № Өтетін орны Күні және уақыты I тоқсан 1. №207 мектеп - лицей Абай ш/а, Алтын Орда к-сі, 6/32 11.00 сағ. 05.02.2026 ж....

    Наурызбай ауданы әкім аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің ережесі

    Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ...

    Наурызбай ауданы әкім аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің ережесі

    Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Мемлекеттік-құқықтық бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай –...

    Наурызбай ауданы әкім аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Қоғамдық даму бөлімінің ережесі

    Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қоғамдық даму бөлімінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Қоғамдық даму бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты)...

    Наурызбай ауданы әкім аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің ережесі

    Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Кәсіпкерлікті және өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы...

    Наурызбай ауданы әкім аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Көріктендіру бөлімінің ережесі

    Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының көріктендіру бөлімінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Көріктендіру бөлімі (әрі қарай – бөлім) «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ (әрі қарай – әкім аппараты) қ...

    Наурызбай ауданы әкім аппаратыЖарияланды:
    Ереже

    Қаржы-шаруашылық бөлімінің ережесі

    Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің ЕРЕЖЕСІ Жалпы ережелер Қаржы-шаруашылық бөлімі «Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің аппараты» КММ құрылымдық бөлімі болып табылады және ауд...

    Наурызбай ауданы әкім аппаратыЖарияланды: