Әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға қандай көмек көрсетіледі?
Наурызбай ауданы әкімінің аппаратында үйде әлеуметтік қызмет көрсететін екі бөлімше жұмыс істейді.
Бүгінде ауданда 60 балаға үйде әлеуметтік қызмет көрсетіледі.
Бірінші бөлімше - мүгедектігі бар балаларға және 18 жастан асқан психоневрологиялық ауытқулары бар адамдарға көмек көрсетеді.
Екінші бөлімше - жалғызбасты және жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау ұсынады.
Әлеуметтік қолдау туралы толық ақпарат алу үшін көрсетілген нөмірлерге хабарласа аласыз.
📍Наурызбай ауданы әкімінің аппараты, 2-қабат, 208-кабинет.
📞 393-92-42
📱 +7 707 580 7408








