«Нұрлы Дала» тұрғын үй кешенінің үш ауласы жаңартылды
Наурызбай ауданындағы Райымбек даңғылы бойындағы 11 тұрғын үйдің ауласында абаттандыру жұмыстары толық аяқталды.
Жоба аясында асфальт пен жаяу жүргіншілер жолдары жаңартылып, балалар және спорт алаңдары ретке келтірілді. Сондай-ақ көше тренажёрлары мен шағын сәулет нысандары орнатылып, аумақ көгалдандырылды.
🌿 Жұмыс нәтижелері:
* 2 490 бұта және 39 гүл отырғызылды;
* 2 250 м² асфальт жаңартылды;
* 2 123 м² тартан жабыны төселді;
* 930 метр суару желісі жүргізілді;
* 24 көше тренажёры мен 25 шағын сәулет нысаны орнатылды.









