Наурызбай ауданындағы Қалқаман шағынауданында 4 аула жаңартылды
2026 жылы Наурызбай ауданының Қалқаман шағынауданындағы №22, 23, 24 және 25 тұрғын үйлердің аулаларында абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Жоба аясында тұрғындардың демалуына, балалардың ойнауына және спортпен шұғылдануына қолайлы жағдай жасалды.
Атап айтқанда:
* 4 балалар ойын кешені;
* 8 шағын сәулет нысаны (МАФ);
* 11 жаттығу тренажері орнатылды;
* 364 метр қоршау қойылды;
* 10 туя ағашы отырғызылды;
* 510 м² аумаққа көгал төселді;
* 487 метр автоматты суару жүйесі тартылды;
* 810 м² аумаққа тартан жабыны төселді.
Жұмыстар Наурызбай ауданы әкімінің аппаратының тапсырысы бойынша «СКПромСтройПроект» ЖШС мердігер ұйымымен орындалды.
Нәтижесінде 208 пәтер мен 8 кіреберісті қамтитын төрт ауланың келбеті жаңарып, тұрғындар үшін жайлы әрі заманауи орта қалыптасты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









