«РЭМ-КРАН» ЖШС өндірістік базасының қызметімен танысты

    1 / 3

    Наурызбай ауданындағы өндірістік кәсіпорындардың жұмысымен танысу аясында «РЭМ-КРАН» ЖШС өндірістік базасына бардық.

    Өндірістік цехтарды аралап, кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттарымен таныстық.

    Кәсіпорын жүк көтергіш жабдықтарды өндіру, жөндеу, қайта жаңғырту және техникалық қызмет көрсету жұмыстарымен айналысады.

    «РЭМ-КРАН» ЖШС 1989 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгінде мұнда 87 адам еңбек етеді. Өндірістік базаның аумағы 0,76 гектарды құрайды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Наурызбай ауданы әкім аппараты" жаңалықтары