ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ МЕРЕКЕСІ

    1 / 7

    2026 жылғы 13 қарашада Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы 15 қараша – Ұлттық валюта және қаржы жүйесі қызметкерлерінің мерекесіне орай жиын өткізіп, барша әріптестерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

    Шара аясында қызметтік міндеттерін адал әрі сапалы орындап, жоғары жауапкершілік танытқаны үшін Мемлекеттік аудит бөлімінің мемлекеттік аудиторлары Р. Мұхтарова мен А. Майданов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

    Сондай-ақ мемлекеттік аудитор Ж. Нұрпейіске Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің Алғыс хаты табысталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы" жаңалықтары