Алматыда Қазақстан прокуратура органдарының 35-жылдығына арналған ғылыми форум өтті

    Алматыда Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының құрылғанына 35-жыл толуына орай «Жаңа Халық Конституциясы аясында заң мен тәртіптіңүстемдігінқамтамасыз ету» атты ғылыми форум өтті.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов, Алматы қаласының прокуроры Серік Кәріпбеков, Шымкент қаласының прокуроры Елдос Сағиев, Алматы облысының прокуроры Берік Адамов, Жамбыл облысының прокуроры Жандос Әбдібаев, Түркістан облысының прокуроры Бауыржан Мырзакеров, Алматы қаласы бойыншаҚСжАЕКДбастығы Берік Әбілов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев, Бас әскери, көлік прокуратураларының өкілдері, прокуратура органдарының ардагерлері және ғылыми қоғамдастық өкілдеріқатысты.

    Форумныңортақтақырыбы жаңа Халықтық Конституцияның ережелерін іске асыру, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және прокуратура органдарының қызметін жетілдіру мәселелері болды.

    Прокуратура органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесіне, жаңа конституциялық құндылықтарға және олардың құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытудағы рөліне ерекше назар аударылды.

    Заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Конституциялық комиссиясының мүшесі Еркін Дүйсенов «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.

    Өз сөзінде ол прокуратураның мәртебесін, оның мемлекеттік институттар жүйесіндегі орнын және прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың құқықтық негіздерін конституциялық бекіту мәселелерін қарастырды.

    Заң ғылымдарының докторы,Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Алуа Ибраева «Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамды дамытудағы жаңа конституциялық құндылықтар мен олардың маңызы» атты баяндамасын ұсынды.

    Баяндама құқықтық жүйені одан әрі дамыту, мемлекеттік институттарды нығайту және азаматтық қоғамды қалыптастыру үшін конституциялық өзгерістердің маңыздылығына арналды.

    Сондай-ақфорум аясында «Заң мен тәртіп»конституциялыққағидатын іске асыру, прокурорлық қадағалаудың тиімділігін арттыру және азаматтар құқықтарының конституциялық кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелеріжөніндепікір алмасты.

    Қатысушыларға Алматы қаласы прокуратурасының қалыптасу тарихы, кәсіби дәстүрлердің сақталуы, ұрпақтар сабақтастығы және азаматтардың құқықтары мен мемлекеттің мүдделерін қорғау жөніндегі қызметтіңзаманауйнәтижелері туралы деректі фильм ұсынылды.

    Ағымдағы жылыҚазақстанның прокуратура органдарының 35-жылдықфорумынөткізу,кәсіби сабақтастықтың, ғылыми-практикалық ынтымақтастықты дамытудың және мемлекет дамуының жаңа конституциялық кезеңі жағдайында прокурорлық қызметті одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап көрсетті.

    Алматы қаласының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының прокуратурасы" жаңалықтары