«Құқықтық дәріхана»: Алматы тұрғындарына құқықтық көмек

    Алматы қаласында азаматтардың құқықтарын қорғауға, құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған қала прокуратурасының «Құқықтық дәріхана» әлеуметтік жобасы өз жұмысын жалғастыруда.

    Әр жұма сайын сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін Dostyk Plaza және MART сауда-ойын-сауық орталықтарында Алматы қаласы прокуратурасының қызметкерлері тұрғындар мен қала қонақтарына тегін құқықтық кеңес береді.

    Жоба аясында әрбір азамат прокуратура қызметкерлеріне тікелей жүгініп, қолданыстағы заңнама бойынша түсіндірме алуға, өзін толғандырған сұрақтарын қоюға және заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жолдары жөнінде кеңес алуға мүмкіндік алады.

    Жобаның басты ерекшелігі – оның ашықтығы мен қолжетімділігі. Азаматтарға мемлекеттік мекемелерге арнайы барудың немесе алдын ала қабылдауға жазылудың қажеті жоқ. Белгіленген уақытта аталған сауда-ойын-сауық орталықтарының біріне келіп, құқықтық кеңес алу жеткілікті.

    Алматы қаласының прокуратурасы қала тұрғындары мен қонақтарын тегін құқықтық кеңес алу мүмкіндігін пайдалануға шақырады.

    Құқықтық көмек әрбір азаматқа қолжетімді болуы тиіс!

    Алматы қаласының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының прокуратурасы" жаңалықтары