Инвесторлардың құқықтарын қорғау жұмысы аясында Алматы қаласының прокуратурасы «HC» ЖШС инвесторына көмек көрсетті (жобаның құны 1,824 млрд теңге, 150 жұмыс орнын құру).
Инвестор инвестициялық жоба шеңберінде берілген жер учаскесіне ұзақ уақыт бойы жеке меншік құқығын рәсімдей алмаған.
Қадағалау органының араласуынан кейін ғана инвестор өз құқығын рәсімдеді.
Қабылданған шаралар, әкімшілік кедергілерді жоюға және инвестордың заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Алматы қаласының прокуратурасы инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және қолайлы инвестициялық ахуал жасау жұмыстарын жалғастыруда.
Алматы қаласының прокуратурасы




