Алматыда аса ірі көлемдегі салық алаяқтығы туралы іске үкім шығарылды

    Алматыда жалған шот-фактураларды пайдалану схемасы арқылы салық төлеуден жалтаруға байланысты қылмыстық істі тергеп-тексеру аяқталды.

    Заңсыз әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 245 миллион теңге көлемінде шығын келтірілген.

    Бір топ адам тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іс жүзінде тиеп жібермей, жалған шот-фактураларды жазып беру қылмыстық схемасын ұйымдастырғаны анықталды.

    Жалған шот-фактураларды жазып беру фактісі Алматы қаласы прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген және оны процестік прокурор сүйемелдеген.

    Сот екі адамға қатысты ҚР ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігімен айыптау үкімін шығарды.

    Сотталушылардың бірі қылмысты ұйымдастыруда, екіншісі - көмектесуде кінәлі деп танылды, сотталғандар сот залында қамауға алынды.

    Алматы қаласының прокуратурасы мемлекеттік мүдделерді қорғауға және кәсіпкерлік саладағы заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық қылмыстарды анықтау және жолын кесу жөнінде дәйекті жұмысты жалғастыруда.

    Алматы қаласының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының прокуратурасы" жаңалықтары