Алматы прокуратурасы әлеуметтік осал азаматтардың құқықтарын қорғады

    Талдау шеңберінде тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметтеріне ақы төлеу кезінде жеңілдіктер алуға азаматтардың әлеуметтік осал санаттарының құқықтарын сақтауда, бұзушылықтар анықталды.

    Прокурорлық қадағалау актісін қарау қорытындысы бойынша Алматы қаласы мәслихатының «Қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін бекіту туралы» шешіміне азаматтардың жекелеген санаттары үшін жеңілдіктер қарастыратын өзгерістер енгізілді.

    Атап айтқанда, Ұлы Отан соғысының қатысушылары ҚТҚ шығару қызметтеріне ақы төлеуден босатылды, оларға теңестірілген тұлғаларға, бірінші топтағы мүгедектерге, бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балалардың ата-аналары мен заңды өкілдеріне, сондай-ақ жетім балаларға 50 % жеңілдік белгіленді.

    Екінші топтағы мүгедектер мен азаматтардың басқа да әлеуметтік осал топтарына 25 % жеңілдік қарастырылған.

    Жоғарыда аталған жеңілдіктерді алу үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыратын ұйымдарға қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша жүгіну қажеттігін түсіндіреміз.

    Алматы қаласының прокуратурасы азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау, прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып қалатынын еске салады.

    Алматы қаласының прокуратурасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының прокуратурасы" жаңалықтары