Алматыда сапасыз автожол жобасын жасағаны үшін сотқа дейінгі тергеу басталды

    Алматы қаласының прокуратурасы автомобиль жолын қайта жаңарту жобасын әзірлеу кезінде бюджет қаражатын заңсыз жұмсау фактілерін анықтады.

    Жергілікті Жол инфрақұрылымын дамыту басқармасы мердігерге мемлекеттік сараптамадан өтпегенжәне іске асырылуы мүмкін емесжобалық-сметалық құжаттама үшін 202 млн теңге төлегені анықталды.

    Бұданбөлектапсырыс беруші 27 млн теңгеге шарттың орындалуын қамтамасыз ету үшін тұрақсыздық айыбын өндіріп алмаған.

    Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісімен прокуратура Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабыменсотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

    Тергеп-тексеруді Алматы қаласы ҰҚКД-ніңСыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізуде.

    Қылмыстық-процестіккодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер таратуға жатпайды.

    Алматы қаласының прокуратурасы

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының прокуратурасы" жаңалықтары