✅✅✅БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК АТТЕСТАТТАУДЫҢ ЖАҢА ҚАҒИДАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

    1 / 2
    ✅ 2026 жылғы 24 қарашада Қызылорда облысының Білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының басшыларына арналған «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидалары» тақырыбында онлайн форматта семинар өткізді.
    ✅ Семинар барысында Департамент басшысы Бекмағанбетов Мәди Бауыржанұлы мемлекеттік аттестаттаудың жаңартылған тәртібіне тоқталып, оның негізгі мақсаты білім беру ұйымдарының қызметін бақылау емес, білім беру сапасы мен қолжетімділігін кешенді бағалауға бағытталған рәсім ретінде айқындалғандығын атап өтті.
    ✅ Жаңа Қағидада бекітілген талаптардың басты ерекшелігі – білім беру ұйымының өзін-өзі бағалауына басымдық берілуі. Бұл ретте ұйым әкімшілігі мен педагогтері білім беру қызметінің барлық бағыттары бойынша талдау жүргізеді. Департамент ұсынылған материалдардың қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін зерделейді.
    ✅ Семинар барысында бөлім басшысы А. Мырзағалиева мемлекеттік аттестаттаудың жаңа талаптарын, бағалау бағыттарын және рәсімді ұйымдастыру ерекшеліктерін түсіндіріп, қатысушыларға әдістемелік ақпарат берді.
    ✅ Қазіргі уақытта жаңа Қағида талаптарымен 67 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым мен 6 мемлекеттік мектепте мемлекеттік аттестаттау жұмыстары жүргізілді.
    ✅ 2026 жылдың соңына дейін қосымша 14 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым мен 4 жекеменшік мектепті мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жоспарлануда.
    ✅ Ал, 2027 жылы облыс бойынша барлығы 186 білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу жоспарланған. Оның ішінде: 112 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым, 37 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым, 27 мемлекеттік мектеп, 4 жекеменшік мектеп, 6 мемлекеттік колледж бар.
    ✅ Мемлекеттік аттестаттаудың жаңа тәртібін түсіндіру жұмысы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтерінің нормативтік талаптарды дұрыс түсінуіне, өзін-өзі бағалау рәсімін сапалы ұйымдастыруына және білім беру қызметінің белгіленген стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етуіне бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары