1 / 2
Бүгін облыс әкімдігі ғимаратының азаматтарды қабылдау орталығында Департамент басшысы М. Бекмағанбетов азаматтарды жеке қабылдады.
Қабылдау барысында азаматтардың сауалдарына жауап беріліп, 2027 жылдан бастап енгізілетін мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың жаңа талаптары түсіндіріліп, азаматтарды толғандырған өзге де мәселелер бойынша тиісті жауаптар берілді.









