🔰 2026 жылғы 15 қазан күні Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіндегі Педагогикалық әдеп жөніндегі Кеңес отырысы өткізілді.
🔰 Кеңес отырысында «Педагогикалық әдеп» нормалары талаптарының сақталмауына қатысты мәселе қаралып, педагогтың құқықтары қорғалды.
🔰 Педагогикалық әдеп қағидаларының нормалары мен принциптерін сақтау - әрбір педагогтың парызы екендігін ұмытпағанымыз абзал.
📌 Қазақстан Республикасының 11 мамыр 2020 жылғы №190 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп» қағидаларына сәйкес, педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
✅ Жеке тұлғаның абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу:
✅ Білім беру процесінің қатысушыларына қатысты күш көрсету, моральдық және психикалық қысым жасау әдістерін қолдануға жол бермейді;
✅ Педагог мектеп ұжымында сенім білдіру және құрметтеу ахуалын жасауға ықпал етеді;
✅ Кәсіби ынтымақтастық: педагог кәсіптің беделі туралы ойлайды, әріптестерінің абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, мұғалімнің беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермейді.
✅ Қандай да бір нысанда өз әріптестерінің сенімін теріс пайдалануға, олардың кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі жасауға, оларға қандай да бір шығын келтіруге жол бермейді. Педагог өз әріптестерінің теориялық және әдістемелік шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға жәрдем көрсетеді, қиын жағдайға тап болған әріптестеріне көмекке келеді.
‼ Сондай-ақ, педагогтер қызметтік және қызметтік емес уақытта:
✅ Педагогикалық әдептің негізгі принциптерін сақтайды.
✅ Қазақстан Республикасы педагогінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерге жол бермейді.
✅ Өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
‼ Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагогтер:
✅ Жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды.
✅ Дәйексіз және дәлелсіз шағымдардан бас тартады, педагогикалық әдіптің бұзылғанына шағым жасаған адамға қарсы жауап шараларын қабылдамайды.









