♻️МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ ӘДЕП НОРМАЛАРЫН САҚТАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

    1 / 3
    ✅ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі М. Талғатұлы Департамент қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша онлайн форматта семинар өткізді.
    ✅ Семинардың негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің әдеп мәдениетін арттыру, заңдылық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту және мемлекеттік қызметтің оң имиджін сақтау.
    ✅ Осы мақсатта Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі М. Талғатұлы мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін орындау кезінде және қызметтен тыс уақытта әдеп қағидаттарын ұстануы, мемлекеттік қызметтің беделін сақтау, қызметтік ресурстарды жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу мәселелеріне назар аудару қажеттігін атап өтті.
    ✅ Сонымен қатар, қоғамдық іс-шараларға қатысу кезіндегі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқына қойылатын талаптар түсіндіріліп, қызметтік әдеп нормалары мен мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын бұзу тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғуы мүмкін екені айтылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары